Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Түлектердің ұмытылмас мерекесі

«Балдаурен» және «Непоседы» топтарындағы балабақша бітіру мерекелері де өз мәресіне жетті.

ГКККП «Алпамыс» балабақшасында «Балдаурен» және «Непоседы» топтарының тәрбиеленушілеріне арналған әсерлі де қуанышты мектепке шығарып салу мерекелері өтті.

Бұл күн бүлдіршіндер үшін ерекше күн болды. Олар өздерінің сүйікті балабақшасымен қоштасып, мектеп өміріне алғашқы қадамдарын жасады. Балалар әсем әндер орындап, өлеңдер оқып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік кеш барысында балалардың жанынан табылған тәрбиешілерге, балабақша қызметкерлеріне және ата-аналарға алғыс сөздер айтылды.

«Балдаурен» тобында «Жұлдызды сәт – балабақшамен қоштасу» атты мерекелік іс-шара өткізілсе, «Непоседы» тобының тәрбиеленушілері «Білім еліне саяхат» атты қызықты сапарға аттанды. Әрбір мереке шаттыққа, күлкіге, жылы лебіздерге және есте қаларлық әсерлерге толы болды.

Біз өз түлектерімізді мақтан тұтамыз! Оларға оқуда табыс, адал достар, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз. Мектеп жылдары қызықты да бақытты болып, армандарына жетелей берсін!

Ақ жол, аяулы түлектер!

 


Текст