Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

2025 жылға арналған

мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

1. Жалпы ережелер

        1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша Астрахан ауылының «Алпамыс» балабақша» МКҚК, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымы көрсетеді.
Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 85.

       2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша Астрахан ауылының «Алпамыс» балабақша» МКҚК білім беру саласында 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

       2025 жыл ішінде «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша Астрахан ауылының «Алпамыс» балабақша » МКҚК – 64 қызмет көрсетті.

– ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 62 қызмет;
– қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 2 қызмет.

       Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

        3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет:
– «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау және есепке алу».

2. Қызмет алушылармен жұмыс

       1) Ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер
Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат білім бөлімінің ресми интернет-ресурсында http://ds0001.astrahanka.aqmoedu.kz/ «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары жарияланған.

 Сонымен қатар, мекемеде ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) Ашықтықты қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар
       2025 жыл ішінде білім беру ұйымы 6 түсіндіру іс-шарасын өткізді, оның ішінде ресми интернет-парақшаларда 5 жарияланым және 1 тікелей эфир ұйымдастырылды.

       Ай сайын халықты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы бұқаралық ақпарат құралдары және қызмет көрсетушінің интернет-ресурстары арқылы ақпараттандыру жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша Астрахан ауылының «Алпамыс» балабақшасы» МКҚК-да akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың құжаттарын қабылдау және оларды оқуға қабылдау бойынша 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
  2. Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді 2 қызметкер көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2025 жыл кезеңінде білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері
2025 жылға арналған қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша Астрахан ауданы бойынша ескертулер тіркелмеген.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары

Қызмет алушылардың қанағаттанушылығы мен тиімділікті арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:

– Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;
– мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
– электрондық үкімет порталы арқылы жүгіну үлесін арттыру;
– қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
– мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.

Меңгеруші
«Алпамыс» балабақша » МКҚК                    Муканова Г.С.

Орындаған: Е. Мұхаметжанова
Тел.: 22475


Текст