Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алпамыс» балабақшасындағы мектеппен қоштасу мерекесі

09.06.2026

ГКҚКП «Алпамыс» балабақшасында «Балдаурен» және «Непоседы» мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілеріне арналған жарқын да әсерлі мектеппен қоштасу мерекелері өтті.

«Балдаурен» тобында «Жұлдызды сәт» – балабақшамен қоштасу атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күні бүлдіршіндер өздеріне ыстық ұя болған балабақшамен қоштасып, өнерлерін ортаға салды. Балалар әсем әндер орындап, мәнерлеп өлең оқып, би билеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әсіресе, түлектердің қоштасу вальсі көрермендердің жүрегіне ерекше әсер қалдырды.

Ал «Непоседы» тобы «Білім еліне саяхат» («Полёт в Страну знаний») атты қызықты сценарий бойынша мерекелік кеш өткізді. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге түрлі тапсырмаларды орындап, білімдерін, тапқырлықтарын және мектепке дайындығын көрсетті. Әндер, билер, ойындар мен тосын сыйларға толы мереке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мереке барысында балабақша әкімшілігі, тәрбиешілер мен ата-аналар түлектерге жылы лебіздері мен ақ тілектерін арнады. Іс-шаралар ерекше әсерлі, қуанышты әрі толқынысқа толы жағдайда өтті.

«Алпамыс» балабақшасының ұжымы барлық түлектерге оқуда табыс, зор денсаулық, жаңа жетістіктер мен жарқын болашақ тілейді. Мектеп табалдырығын сеніммен аттап, биік белестерді бағындыра беріңіздер!

Ақ жол, қадірлі түлектер!    

Просмотров: 26


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст