Ұйымдар тізімі
03.09.2026
Балабақшамызда Білім күніне арналған жарқын әрі көңілді мерекелік іс-шара өтті. Мереке барысында балалар ән айтып, би билеп, тақпақтар айтып, қызықты ойындарға қатысты.
Балалар қазақ және орыс тілдерінде тақпақтар айтып, өздерінің білімдерін, өнерлерін және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Мерекелік шараның ерекше музыкалық сыйы — «Менің Отаным» әнін орындаған Добертхан Аяулымның өнер көрсетуі болды. 🇰🇿🎶 Оның әсем орындауы көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған сүйікті ертегі кейіпкерлері — Буратино мен Мальвина болды. Олар балалармен бірге ойын ойнап, көңілді тапсырмалар орындап, мерекені одан әрі қызықты етті.
Мереке әнге, биге, ойынға, балалардың шат күлкісіне толы болды. Барлық балалар көтеріңкі көңіл-күймен жаңа оқу жылын бастады!
Жаңа оқу жылы бүлдіршіндерімізге жаңа білім, қызықты жаңалықтар, жақсы достар және жарқын жетістіктер әкелсін!


