Астрахан аудан білім бөлімінің жанындағы ``Астрахан балалар бақшасы`` мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алпамыс» села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерінің технологиялық картасы. Сурет салу. Көркем әдебиет. Тақырыбы: «Әдемі көйлек»

11.10.2017

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерінің технологиялық картасы

Білім беру

саласы:____Шығармашылық.  Әлеуметтік орта.

Бөлімі:____Сурет салу. Көркем әдебиет.                                  

Тақырыбы:        «Әдемі

көйлек»

Мақсаты:              Балалардың көркемдік талғамын

қалыптастыру. Жұмбақ жасыра отырып, қуыршақтың ерекшелігіне көңіл бөліп -көйлек

үлгісін әшекейлеуге үйрету. Шығармашылық жұмыста саусақ қызметін дұрыс

пайдалана білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікке тәрбиелеу.

Билингвальды

компонент: көйлек – платье; бұршақ –горошек.

Қолданатын

көрнекі құралдар:Д/ойынға: кір

жуатын машиналар (сары,жасыл,көк,қызыл)

Картоннан жасалған көйлектер (сары,жасыл,көк,қызыл)

Көйлектер слайды.

Қажетті

құрал жабдықтар: көйлектің сұлбасы, қызыл

бояу, сұлы сүрткіш.

 

Іс-әрекет кезеңдері

 

Тәрбиешінің әрекеті

 

Балалардың іс -әрекеті

 Мотивациялық-

қозғаушылық

-Балалар бізде бүгің ерекше оқу іс -әрекеті, бізге

қонаққа апайлар келді.

Білер қазақ баласы

Сәлем –сөздің анасы.

Алдымыздан кезеккен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

 

Шаттық шеңбері:

Армысың Асыл Күн!

Армысың Жер Ана!

Армысың Жан досым!

Жылуыма жылу қос

Міне менің қолым.

 

 

 

 

 

 

 

Сәлеметсіз ба!

 

 

Балалар жылулық шеңберін жасап қимыл қозғалыспен

көрсетеді.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

 

-Бүгінгі оқу іс -әрекетінің тақырыбы «Әдемі көйлек».

Көйлек туралы мен сендерге шығын әңгіме айтып берейін.

Менің қызым Дамелі кішкентай кезінде өте бимаза болды.

(СЛАЙД №2); Бір күні мен оған көйлек сатып әкеп беріп едім: -Бұл көйлекті

маған кім берді?- деп сұрады.

-Кім берсін.. Дүкеннен алдым. (СЛАЙД № 3);

-Дүкенде тағы қандай көйлектер сатылды?

-Ұлттық көйлектер, әйелдерге арналған көйлектер және

қыз балаларға арналған көйлектер. (СЛАЙД № 4).

-Ал дүкенге қайдан келді?

-Көйлек қандай болатының дизайнер ойлап табады,(СЛАЙД №5 )дизайнер деген көйлек тігу

үшін жоба жасайтын адам. Дизайнер көйлекті тікпес бұрын, көйлектің жобасын

қағаз бетіне түсіреді. Сол жоба

 

 

 

 

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

                                                                       

Ұйымдастырушылық -ізденістік

 

 

бойынша тігіншілер

көйлекті матадан тігеді.(СЛАЙД № 6)

   Осымен құтылған шығармын деп едім, қызым

жабысқан үстіне жабыса түсті.

-Мата неден тоқылды?

-Мақтадан.

-Е, онда маған көйлекті

мақташылар берген екен ғой,-деді ол.

-Балалар сомен көйлекті

біз қайдан аламыз?Қалай ойлайсыңдар?

-Балалар сендер тігінші

туралы не білесіңдер?

Әдемі

әуенмен Феяның дауысы естіледі:

-Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен ертегі әлеміндегі

Феямың, мен Дімбілмес жеріңде адасып қалдым, маған көмектесіңдер. Мен

сендерге көмекшімді жібердім оған көмек берсендер мен де жолымды табам.

Қандай көмекші екенін білгіндерін келсе жұмбақтың шешуін табыңдар.

Аяғы бар жүрмейді,

Аузы бар күлмейді.

Айнымайды бөпемнен

Тек сөйлеуді білмейді.

Қуыршақ

жылап келеді.

-Қуыршақ сен неге жылайсың? Кім ренжітті?

Қуыршақ: -Мені ешкім ренжіткен жоқ...

Бірақ  менің көйлектерім кір болды, ал

мен оларды түс- түсімен қалай жууды білмей тұрмын.

-Жылама біз саған көмектесеміз.

Дидактикалық ойын: «Кір жуу».

Ойынның

шарты:Киімдерді кір жуатын машиналарға түс-түсімен салу.

Қуыршақ

тағы жылайды.

-Тағы не болды?

Қуыршақ: -Маған Фея көйлек пен бұршақ

деген сөздердің орысшасын біліп кел деген.

Билингвальды компонент:  көйлек – платье; бұршақ –горошек.

-Балалар біздің қуыршақтың көңіл күйі әлі де жоқ екен.

Себебі біз кірлерін жуғанда көйлектерінің бұршақтары түсіп қалыпты. Сендер қуыршаққа

көйлегінің бұршақтарын салуға көмектесесіңдер ме?

Педагог балаларға әдемі көйлекті дөңгелектермен

әшекейлеу үшін саусақтарын пайдалануға болатының түсіндіреді. Сүрткішті дұрыс

пайдалануды, бір-біріне бөгет жасамай, дұрыс отыруды естеріне түсіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өздерінің ойын айтады.

Көйлек тігетін адамды тігінші деп атайды.

 

Балалар қызығушылық арттырады.

 

 

 

 

 

 

Қуыршақ-деп шешуін табады.

 

 

 

 

 

Сары түсті киімдерді сары машинкаға салады,

жасылға-жасыл, көкке-көк, қызылға-қызыл киімдерді салады.

 

 

Сөздерді қайталайды.

 

 

 

 

Ия –көмектесеміз.

 

Зейін қойып тыңдайды.

 

 

  Ұйымдастырушылық -ізденістік

 

 

 

Сергіту сәті: Сыңғыр-сыңғыр сырғалар,

Құлағымда

ырғалар.

Оң қолымда

білезік,

Сол қолымда

білезік,

Саусақтарда

сақина,

Сана, салып

ақылға

1,2,3,4,5.1,2,3,4,5.

Демалайық жинап

күш.

 

-Балалар

қуыршақтың көңілін көтеру үшін көйлегіне бұршақтарын салуды бастайық.

Дөңгелек бұршақтарды көйлегінің жеңдеріне, кеудесіне және етектеріне саламыз.

 

 

Өлен сөздерін

қайталап қимыл-қозғалыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар жұмысқа

кіріседі.

Рефлексиялық

-түзетушілік

 

Балалардың салған

жұмыстарын тақтаға іліп қояды.

Әдемі әуенмен Фея келеді:

-Балалар Рахмет

сендерге! Сендер қуыршаққа көмектестіңдер, мен де өз жолымды таптым. Балалар

сендер қуыршақпен бірге бүгін не істедіңдер?

Көйлегіне не

салдыңдар? Бұршақтың түсі қандай?

Қуыршақтың

сендерге деген алғысы шексіз. Ол үшін міне менің сыйлығым (себетпен кәмпит

береді). Сендерге үлкен рахмет.

Балалармен

қоштасып кетеді.

 

 

 

 

Балалар

сұрақтарға жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: көйлектер әртүрлі болатындығын.

Игереді: көйлек бізге қайдан келетінің.

Меңгереді: саусақтардың көмегімен әдемі көйлекті әшекейлей білуді.

 

Просмотров: 2168


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст